Ссылки доступа

Тәжікстан түрмелерінде сәрсенбі — ерекше күн


Тәжікстан азаматтарының хал актілерін тіркеу бөлімі сәрсенбі күнін - «қамаудағыларды некеге тұрғызу күні» деп жариялады. Өткен жылы Душанбенің екі түрмесінде 62 неке тіркелген.

Көптеген сотталушылар өздерінің жұптарын телефон арқылы немесе интернет арқылы табады. Душанбенің 31 жастағы тұрғыны Зарнигор сәрсенбі күні №1 түрмеде жазасын өтеушімен некесін қиды. Зарнигордың некеге тұру рәсімі туыстарының қатысуынсыз өткен. Күйеу тараптың куәгері түрме басшысының орынбасары болған.

Ол болашақ күйеуімен бір жыл бұрын «Одноклассники» әлеуметтік желісі арқылы танысқанын айтады. 33 жастағы Зарнигордың күйеуі бесінші жылы жазасын өтеп жатыр. Ал өзі екі рет — 21 жаста және 26 жаста тұрмыста болғанын айтады. Әртүрлі себептермен ажырасып кеткен.

Жазасын өтеушілермен некесін қиғандардың ішінде 18 -20 жас арасындағы қыздар сирек. Көбінде 27 жастан жоғары келіншектер екен. Олардың көбі болашақ күйеулерімен телефон арқылы танысады. Алдымен олар мұсылман шариғаты бойынша некеге отырады. Сосын барып, ресми мемлекеттік некеге тұрады екен.

XS
SM
MD
LG