Ссылки доступа

Каримов халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге уәде берді


Өзбекстан президенті Ислам Каримов жаңа жылдық халыққа жолдауында 2016 жылы еңбек ақы, зейнетақы, шәкіртақы мен жәрдемақы 15 процентке өседі деді.

Өзбек президентінің сөзінше, жаңа жылда Өзбекстан біраз қиындықтарды бастан өткеруге тура келеді. Оның ішінде ғаламдық қаржылық дағдарыс пен экономикалық дағдарыс бар. Сонымен бірге терроризм мен экстремизм қаупі төніп тұрғанын айтқан.

«Бұл проблемаларға қарамастан, экономикалық өсім 7,8% деңгейінде, ЖІӨ 9,5%-ке өседі деп күтеміз. 2016 жылға әлеуметтік шығындар 2015 жылға қарағанда көп. Шығыстардың 59,1 процентін құрайды», - деп атап өтті Каримов.

Президенттің айтуынша, 2015 жылы ғаламдық дағдарысқа қарамастан, Өзбекстан экономикасы соңғы он жылдағыдай 8 пайызға өскен. Халықтың табысы 9,6 пайызға, еңбек ақы, түрлі әлеуметтік жәрдемақылар 21,9 процентке өскен.

XS
SM
MD
LG