Ссылки доступа

ИМ содырлары Ливияның солтүстігіндегі мұнай терминалын шабуылдады


Дүйсенбі күні Ливияның солтүстігінде «Ислам мемлекеті» радикалды тобының содырлары мен ливиялық қауіпсіздік күштерінің арасында Эс-Сидр портындағы экспорттық мұнай терминалы үшін ұрыс болды.

Кей дерек бойынша, екі күзетші мен он содыр қаза тапқан. Ұрыс барысында шабуылдаушылар кем дегенде екі миналанған көлікті жарған. Жанармай багына снаряд тиюінен үлкен өрт болған. Қарулы күштердегі дереккөз ұрыс нәтижесінде, содырларды тықсырудың сәті түскенін хабарлады.

France-Presse агенттігі содырлардың Рас-эль-Ануф қаласына да шабуыл жасағанын хабарлайды. Ливия жағалауындағы Сирт қаласын бақылауында ұстап отырған ИМ тобының мүшелері соңғы бірнеше апта бойы шығыс бағытта жылжуға және елдегі маңызды мұнай нысандарын басып алуға тырысуда.

XS
SM
MD
LG