Ссылки доступа

Эгей теңізінде мигранттардың өлі денесі табылды


Эгей теңізінің түрік жағалауында гректің Лесбос аралына бағыт алған кем дегенде 34 мигранттың денесі табылды.

Олардың резина қайықтарын теңіз толқыны аударып тастаған. Дерек бойынша, өлгендер арасында әйелдер мен балалар бар. Марқұмдардың сүйегін Айвалик және Дикили шипажайларының жағаларына шығарып тастаған.

Түркияның жағалау күзеті тірі қалғандарды іздеуге шыққан. Судан сегіз адам құтқарылды. Әзірге босқындардың қай елдің азаматы екендері белгісіз. Бір-бірінен 50 шақырым қашықта орналасқан Дикли және Айвалик Грекияға ұмтылған мигранттардың жолында жатыр. Былтыр бұл бағытпен 850 мың адам өткен.

XS
SM
MD
LG