Ссылки доступа

НАТО: альянс саясаты Ресейге қауіп төндірмейді


НАТО Солтүстік Атлантикалық одақтың Ресейге қауіп төндіретіні туралы Кремльдің мәлімдемесін теріске шығарды.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, НАТО өкілі Оана Лунгеску президент Владимир Путин желтоқсанның 31-де қол қойған ресейлік жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясына қатысты осындай түсініктеме берді. Ресейдің жаңаланған ұлттық қауіпсіздік стратегиясында НАТО аясының кеңеюі ел үшін басты қауіптің бірі боп саналады. Одан бөлек, Кремль Батыстың мақсаты «интеграциялық үдерістерге қарсы әрекет ету, шиеленісу ошақтарын тудыру» және мұндай жағдай Ресейдің мүдделеріне қайшы келеді деп санайды. Лунгеску бұл пікірді негізсіз деп атады.

Ресейлік жаңа ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Ресейдің батыс елдерімен қарым-қатынасы мен «мемлекеттің қорғаныс қабілетіне» құжаттың тең жартысына жуығын қамтитын 40 бөлім арналған.

XS
SM
MD
LG