Ссылки доступа

Былтыр мигранттардың Қырғызстанға жолдаған ақша аударымдары ширек сомаға кеміген


2015 жылдың қаңтар-қараша айларында мигранттар Қырғызстанға 1 миллиард 417,9 миллион доллар жөнелткен, бұл 2014 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 26,7%-ға кем.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Ақша аударымдарының 92%-ы Ресейден түседі, қалған бөлігі Қазақстан, АҚШ және өзге де алыс шетелдерге тиесілі.

Мамандар бұл көрсеткшітің төмендеуін Ресейдегі экономикалық қиындықтар мен рубль бағамының арзандап кетуімен байланыстырады.

2015жылы желтоқсанның ортасында жарияланған БҰҰ есебінде Қырғызстанның ақша аударымының көлемі жағынан әлемде Тәжікстаннан кейінгі екінші орында тұрғаны белгілі болды. Қырғыз мигранттары аударатын ақша көлемі елдің ЖІӨ-нің 32%-ын құрайды.

XS
SM
MD
LG