Ссылки доступа

Қазақстанда 2015 жылы инфляция 13,6 пайызды құрады


Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.

Азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылы 10,9 пайызға, өзге тауар түрлерінің құны — 22,6 пайызға, ақылы қызмет бағасы 8,1 пайызға қымбаттаған.
2015 жылдың басында үкімет инфляцияның жылдық мөлшері 6–8 пайыз көлемінде болады деп жоспарлаған еді. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша, инфляция 1,4 пайызды құрады. Алайда Қазақстан билігі теңгенің айырбас құнын еркіне жіберетінін мәлімдеген соң, девальвация әсерінен инфляция екпіні күшейген. Өткен жылдың қарашасында Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев үкіметтің Астанадағы кеңейтілген мәжілісінде 2015 жылдың қорытындысы бойынша инфляция мөлшері болжанған межеден асып кетуі мүмкін екенін ескерткен еді. 2014 жылы Қазақстандағы инфляция 7,4 пайызды құраған.

XS
SM
MD
LG