Ссылки доступа

Тәжік президенті Ташкентке ресми сапармен баруы мүмкін


Душанбе мен Ташкент Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның ресми сапармен Өзбекстанға келу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Asia-Plus ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл мәселе былтыр желтоқсанның аяғында Душанбеде өткен саяси кеңесулерде талқыланған.

Республика үкіметіндегі дереккөз «Бұл сапар Тәжікстан президенті қатысатын қыркүйектің бірінші жартысында Ташкентте өтетін ШЫҰ-на мүше елдер басшыларының саммиті аясында ұйымдастырылуы мүмкін», - деп хабарлады.

Былтыр желтоқсанның аяғында, тәжік астанасында екі елдің өкілдері соңғы 23 жылдағы алғашқы саяси кеңесулерін өткізген болатын.

Өзбекстан СІМ дерегінше, сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары жетекшілік еткен қос делегация өкілдері екіжақты қарым-қатынастың жай-күйі мен келешегін талқылаған, әлем және өңірдегі көкейкесті түйткілдерге қатысты пікір алмасқан.

XS
SM
MD
LG