Ссылки доступа

Солтүстік Корея сутек бомбасын сынақтан өткізді


Корей Халықтық — Демократиялық Республикасы (КХДР) 6 қаңтар күні таңертең сутек бомбасын сынады деп хабарлайды шетелдік БАҚ. 6 қаңтарда ертеңгісін АҚШ геологиялық қызметі Пангири полигонынан 49 км қашықтықта магнитудасы 5,1 балл болатын жер сілкінісін тіркеген.

Солтүстік Кореяның ресми телеарнасы бірнеше сағат өткеннен кейін сутек бомбасын сынақтан өткізгенін ресми растады деп хабарлайды The Guardian и Daily Telegraph. Пхеньян бұл әрекетті АҚШ-тан қорғанудағы «егемендік құқығы» деген дәйек келтірген.

«Егер АҚШ КХДР-дың егемендігіне қол сұқпаса, мұндай қаруды қолдану мәселесі жойылады», — деген Пхеньян мәлімдемесінде.

Оңтүстік Корея президенті қауіпсіздік мәселесіне байланыста жедел жиналыс өткізді. Дәл осындай отырыс АҚШ-тың Қорғаныс министрлігінде де өтіп жатыр.

Солтүстік Корея осыған дейін үш рет — 2006, 2009 және 2013 жылдары ядролық сынақ өткізді.

XS
SM
MD
LG