Ссылки доступа

Өзбекстан билігі 700 жылдық тарихы бар мұнараны бұзбайтын болды


Өткен желтоқсан айында Азаттықтың (Өзбек қызметі) веб-сайтында Өзбекстан билігі Әндіжандағы 700 жылдық тарихы бар мұнараны бұзып, орнына фонтан салуды жоспарлап отыр деген мақала жарық көрген.

Бұл жағдай жергілікті тарихшылар мен белсенділердің наразылығын туғызған болатын.

Мақала жарық көргеннен кейін арнайы үкіметтің комиссия Әндіжанға шенеуніктер мен сарапшыларды жіберген еді.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәдени мұраларды қорғау басқармасының төраға орынбасары Абдусафия Рахмонов үкіметтік комиссияның шешімінен кейін тарихи мұнара жойылмайтын болды деді.

- Үкіметтік комиссия бұзу туралы шешімді тоқтатты. Комиссия мүшелері Әндіжанға келді. Наразы тұрғындармен кездесті. Бәрі өздерінің пікірлерімен бөлісті. Осыдан кейін комиссия мұнараны бұзу туралы шешімді тоқтатты, - деді Абдусафий Рахмонов.

XS
SM
MD
LG