Ссылки доступа

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореядағы сынақтарды қатаң айыптайды


БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Пхеньян сутегі бомбасының жерасты сынақтарын сәтті өткізгені туралы хабарлаған соң шұғыл отырысын өткізді.

Кеңес мүшелері Солтүстік Кореяның әрекетін қарарды тікелей бұзу деп таныды, "бұл орайда бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікке төнген анық қауіпті көретіндерін " мәлімдеді.

Қауіпсіздік Кеңесі осыған орай, Солтүстік Кореяға қарсы қосымша шаралар қолдану үшін жаңа қарар қабылдауға кіріспек. Егер дерек расталса, бұл 2006 жылдан бергі төртінші ядролық сынақ болмақ. Дегенмен, алдын-ала деректерге сүйенген Ақ үй сутегі бомбасының сынақтан сәтті өткеніне сенбейді. Америкалық әкімшіліктің баспасөз хатшысы Джон Эрнест " соңғы 24 сағат ішінде болған кез-келген оқиға Солтүстік Кореяның ядролық әлеуеті туралы пікірімізді өзгерткен жоқ", - деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG