Ссылки доступа

Былтыр Бұхарада шенеуніктер жаппай жұмыстан қуылған


dagestan / office armchair
dagestan / office armchair

2015 жылы Бұхарада 20 мемлекеттік ұйымның басшысы және 26 колледж директоры қызметтерінен қуылған.

Бұл туралы халық депутаттарының облыстық Кенгашының кезекті отырысында Бұхара облысының хокимі Мухиддин Эсанов мәлімдеді. Оның сөзінше, 11 басшы өздtріне жүктелген міндетті толық орындамағаны үшін орындарынан алынған. 26 колледждің директорлары өз міндеттерін лайықты орындай алмады деген себеппен жұмыстан шығарылған.

Хоким Эсанов оқу орындарының басшыларын оқу барысына салғырт қарады деп айыптап, сынға алған. Бұхара облысы әкімінің сөзінше, кей жағдайда басшылар заңға қайшы әрекеттерге барған.

XS
SM
MD
LG