Ссылки доступа

Қырғызстанда Netflix видео қызметі қолжетімді болды


Америкалық стримингтік Netflix видео қызметі әлемнің 130 еліне хабар таратуын кеңейтті. Оның ішінде Қырғызстан да бар.

Бұл жөнінде 6 қаңтарда компанияның бас директоры Рид Хастингс Лас Вегастағы Consumer Electronics Show көрмесіндегі сөйлеген сөзінде айтты.

«Бүгін біз жаңа халықаралық телевизиялық интернет байланысының туылғанын көріп отырмыз. Қызметті кеңейту арқылы тұтынушылар Сингапурден Санкт-Петербургке дейін, Сан-Францискодан Сан-Паулға дейін бір мезетте шоу мен түрлі өздері күткен фильмдерді көре алады», - деді Хастингс.

Компания аудиторияның кеңейту арқылы қытай, корей, араб тілдерін де қосқан. Осыған дейін хабар таратудың 17 тілі болған.

130 елдің ішінде Орталық Азия елдерінің барлық мемлекеттері мен Ресей бар. Netflix қызметі тұтынушыларға бірінші ай тегін болады. Сосын жазылушылар ай сайын 5-20 АҚШ долларын төлеп тұрады.

Netflix 2007 жылы құрылған. Алдымен АҚШ пен Канадада хабар тарата бастады. Кейін көрсетілімен 60 елге кеңейтті.

XS
SM
MD
LG