Ссылки доступа

Қырғызстанның тарихи рекорды - ФИФА рейтінгісінде 107- орын


ФИФА-ның желтоқсан айындағы рейтінгісінде Қырғызстанның футболдан ұлттық құрама командасы 1-позицяға көтеріліп, 107-орынға шықты. Бұл жөнінде ФИФА-ның ресми сайтында жарияланған.

Қырғызстан шілде, тамыз, қыркүйек және қазан айларының рейтінгісінде 155, 156, 146 және 124-орындарда тұрған. Қараша айында Қырғызстан бірден 108-орынға көтеріліп, тарихи сілкініс жасады.

Бұл Қырғызстанның ұлттық құрама командасының өзінің тарихындағы ең үздік көрсеткіші. Мұның алдында үздік көрсеткіші 2006 жылдың тамыз айында 119-орында болған.

ФИФА рейтінгісінің алғашқы бестігіне Бельгия, Аргентина, Испания, Германия және Чили тұр.

ТМД елдері ішіндегі үздік көрсеткіштер Ресейде – 24 орын, Украина — 29, әрі қарай Беларусь (68), Өзбекстан (73), Эстония (90), Латвия (102), Әзербайжан (116), Түркіменстан (119), Грузия (120), Армения (121), Литва (127), Қазақстан (132), Тәжікстан (148) және Молдова (154).

XS
SM
MD
LG