Ссылки доступа

Германия өткен жылы миллионнан астам мигрант қабылдаған


Германияның ішкі істер министрлігі бейсенбі күні 2015 жылдың қаңтары мен желтоқсан айында елінде 1,1 миллион босқын тіркелді деп мәлімдеді.

Олардың 40 пайызы немесе 428 мың 468 адам Сириядағы азаматтық соғыстан қашып келгендер. Тізімде саяси баспана сұрап келгендер де бар. Олардың ішінде Ауғанстаннан 154 мың 046 адам және Ирактан 121 мың 662 адам.

Тұтастай алғанда, 2015 жылы мигранттар 2014 жылға қарағанда бес есе көп келген. Германия Еуропа елдеріндегі экономикасы ең мықты елдердің бірі болып саналады. Босқындар Германияның әр қалаларына жайғасқан. Канцлер Ангела Меркель соғыстан және зорлық-зомбылықтан қашқан адамдарға «ашық есік» саясатын ұстанғаны үшін сынның астында қалды.

XS
SM
MD
LG