Ссылки доступа

Иран БҰҰ-ға Сауд Арабия үстінен шағымданбақшы


Иран Сауд Арабияның Йемендегі иран елшілігіне ұшақпен соққы бергені үшін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне шағымбанбақшы.

Иран СІМ басшысының орынбасары Хосейін Әмір Абдоллахиян сауд арабиялықтардың шабуылынан Йемен астанасы – Сана қаласындағы Иранның елшілігінің аймағына зымыран жарылып, нәтижесінде күзетші ауыр жарақат алған.

Сауд Арабия жетекшілік ететін араб коалициясы Йеменде көтерілісшілерге қарсы шабуыл жасап жатыр.

Бірер күн бұрын Сауд Арабия мен оның бірқатар одақтастары Бахрейн, Судан, Сомали Ирандағы Сауд Арабияның дипломатиялық елшілігіне шабуыл жасағаны үшін Тегеранмен дипломатиялық байланысты үзді.

Иранның шиит мұсылмандары көсемдері Нимра ан-Нимраны және 46 адамды өлім жазасына кескені үшін Сауд Арабияға қарсылық шарасын өткізген болатын.

Сауд Арабия өз кезегінде Иранмен соғысқысы келмейтінін айтады. Британдық Economist журналына берген сұхбатында Сауд Арабияның қорғаныс министрі – тақ мұрагері, ханзада Мохаммед бин Салман бұл кикілжің үлкен апаттың басы болмау керек, кез-келген саналы адам оған жол бермеуі керек деді.

XS
SM
MD
LG