Ссылки доступа

Германия әйелдерге қарсы шабуыл жасағандарды тергеп жатыр


Германияның әділет министрі Хайко Маас саяси баспана алғысы келіп жүрген мигранттар қылмыстары дәлелденсе, елден депортацияланады деп мәлімдеді.

Кельндегі ондаған әйелдер Жаңа жылдың алдында өздеріне сексуалды мақсатта шабуыл жасап, тонағанын айтып полицияға шағымданған. Құқық қорғау органдарына шағымданушылардың арыздарына қарағанда, оқиғаның көбі ауданның темір жол возкалында орын алған.

Куәгерлер полицияға шабуыл жасағандардың дені араб және африка нәсілді адамдар екенін айтқан. Алайда шенеуніктер қылмыстары дәлелденбей жатып, күдіктілерді зұлым етіп көрсету әлі ерте дейді. 16 адам күдікті ретінде тергеліп жатыр. Бірақ әзірге ешкім ұсталмаған. Дәл осындай оқиғалар Гамбург, Штутгарт және Франкфурт қалаларында орын алған.

XS
SM
MD
LG