Ссылки доступа

Керри мен Зариф келісімді талқылады


АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри бәрі жақсы өтсе, Иран мен халықаралық қауымдастық қысқа уақытта ядролық келісімге келуі мүмкін екенін хабарлады.

Керри бейсенбі күні журналистерге Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлескенін айтты.
Керри Зарифтің Иран өз міндеттемелерін «мүмкіндігінше тезірек орындауды» жоспарлап отырғаны туралы сөзін дәйек етті. Керри өз кезегінде Құрама Штаттардың да көздейтіні осы екенін білдірді. Ол Тегеранның аз байытылған уран қорын Ресейге бергенін құптап, бұл қадамның Иранның ядролық бағдарламасын жүзеге асыруды кейінге ысырғанын атап өтті.
Былтырғы жылдың шілдесінде қол қойылған Иран мен алты әлемдік держава арасындағы ядролық келісім бойынша,Тегеран халықаралық санкциялар алынған жағдайда ядролық бағдарламасын шектеуге келіскен еді.

XS
SM
MD
LG