Ссылки доступа

Дамаск қоршаудағы ауылдарға көмекті өткізуге келісті


БҰҰ мәлімдеуінше, Сирия үкіметі қоршаудағы үш ауылға арналған гуманитарлық көмекті өткізуге келісті. Бұл шара жақын күндері жүзеге аса бастайды.

Сонымен бірге, БҰҰ мәлімдемесінде «Хезболла» тобы мен үкіметтік әскердің қоршауында қалған Ливанмен шекараға жақын Мадая қаласының елді мекендерінде адамдардың «аштықтан өліп жатқаны» туралы айтылған.
Идлиб провинциясындағы шииттік Фуа және Кфария елді мекендерін көтерілісшілер қоршауға алған. Сирияның жетуге қиын аудандарында 4,5 миллионға жуық адам тұрады, оның ішінде 400 мыңы қоршаудағы аудандарда тұрып жатыр.

XS
SM
MD
LG