Ссылки доступа

Қырғызстан тауарларының бағасын шетелдік валютада белгілегендерге айыппұл салмақ


Қырғызстан үкіметі риэлторлық, автокөлік, әуе және өзге де компанияларды бағаларын соммен көрсетіп, тек ұлттық валютамен есеп айырысуға міндеттемек.

Бұл туралы «Азаттық» радиосына үкіметтегі дереккөз хабарлады.
Дерекке сүйенсек, тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы мен тарифтерін шетел валютасында жазғандарға әкімшілік шаралар қолдану мен айыппұл салу қарастырылуда.
Қазір құжат мақұлдану үстінде. Шешімнің қашан шығары әзірге белгісіз.
Алдын-ала мәлімет бойынша, тыйым кәсіпкерліктің барлық саласын қамтиды және азаматтар арасындағы есеп айырысуға да әсер етпек.
Қазір Қырғызстанда жылжымайтын мүлікті, әуе билеттері мен автокөлікті бағалау, сату-сатып алу шетелдік валютамен белгіленеді.

XS
SM
MD
LG