Ссылки доступа

Әділ Ресейді «орыс рэпімен» таң қалдырды


Қазақстандық Скриптонит Әділ Жәлелов Ресейде жыл рэпері атанды.

Қазақстанның солтүстігіндегі Павлодар қаласынан шыққан, бұған дейін танылмаған музыкант бір жыл ішінде бір ғана альбомымен ресейлік рэп саласын дүрліктірді.
25 жастағы рэпер Әділ Жәлелов қазір Мәскеуде тұрады. Былтыр желтоқсан айында ол өзінің «Дом с нормальными явлениями» деп аталатын тұңғыш альбомын шығарды. Бұл туындысы Ресейде әлемдік музыка индустриясындағы 2015 жылдың басты жаңалығы және орыс тіліндегі ерекше әсерлі күйтабақ ретінде танылды. Оның жаңа альбомына қатысты интернеттегі қызу пікірталасты талдай отырып, Rap.ru сайты: «ол орыс рэпін қуып жіберді» деген баға берді.
Тұңғыш альбомдағы әндерден рэп орындаушының өзі «біздің терезелерімізден керемет көріністің исі де шықпайды» деп сипаттайтын ол туып өскен Павлодар қаласының болмысын сезуге болады. Альбомның ең алғашқы «Интро» композициясында Қазақстаннан жеткен дауыстар мен дыбыстар жазылған.
Скриптониттің «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі ресми қауымдастығында оның «Дом с нормальными явлениями» альбомындағы «Это Любовь» әні «Жыл Трегі» аталымына үміткер болғаны туралы жазыған. Дауыс беру қаңтардың 18-де басталады.

XS
SM
MD
LG