Ссылки доступа

Ресей әлі күнге адам өлтірген әскеридің сараптамасын жасамаған


201-ші ресейлік әскери базаның 109-шы гарнизондық сотының өкілдері 22 жастағы Шоираның өліміне кінәлі деп айыпталған офицер Иван Щербаковтың психиатриялық сараптамасының әлі аяқталмағанын хабарлайды.

Осыған орай, оны қамауда ұстау мерзімі ақпан айына дейін ұзартылды.
Бұған дейін осы сот Иван Щербаковтың желтоқсанда Екатеринбургте ауруханаға жатқызылғанын және сааптаманың қаңтарда аяқталатынын мәлімдеген еді.
201-ші ресейлік әскери базаның 109-шы гарнизондық соты Иван Щербаковқа РФ ҚК 105-ші бабының, бірінші тармағы бойынша — "қасақана кісі өлтірді" деген айып тақты.
Тергеуге жақын дереккөз айыбы дәлелденген жағдайда, айыпталушының 6-дан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлады.
Тәжікстандағы 201-ші ресейлік әскери базаның аға лейтенанты Иван Щербаков Душанбе аласының 22 жастағы тұрғыны Шоира Джобированы өлтірді деп күдіктеледі.
Шоира Джобированың денесі қарашаның 11-де туыстарына берілді. Тергеу мәліметінше, кісі өлімі қарашаның 5-і күні, Душанбедегі 201-ші ресейлік әскери базаның аумағында орын алған және қылмыстың беті Джобированың туыстары хабарласқаннан кейін қарашаның 9-да ашылды.

XS
SM
MD
LG