Ссылки доступа

Қазақстанда 10 өзбек азаматы иіс тиіп уланған


Алматы облысындағы Тұрар саяжай мекенінде Өзбекстаннан келген он адам иіс тиіп уланған.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікке сілтеме жасаған «Новости – Казахстана» агенттігінің хабарлауынша, бес адам көз жұмған, олардың екеуі - балалар. Қалған бес адам Қаскелеңдегі ауруханаға жатқызылды.
Оқыс оқиға ретінде тіркелген қайғылы жағдай қаңтардың 2-де болған.
Өзбекстан азаматтарының қандай жағдайда иіс тиіп уланғаны туралы дерек жоқ.

XS
SM
MD
LG