Ссылки доступа

Британдықтар ЕО мүше болуды жалғастыру туралы референдумға дайындалуда


Британ премьер-министрі Дэвид Кэмерон Би-Би-Сиге берген сұхбатында Еуроодақтан шығу " Британия үшін дұрыс шешім болмайтынын" мәлімдеді.

Үкімет басшысы биылғы жылдың ақпанында өтетін ЕО кезекті саммитінде Еуроодақты реформалау туралы келісімді мақұлдауға қол жеткізетініне үміттенетінін білдірді.

Ұлыбританияның Еуроодаққа мүше боп қалу-қалмауына қатысты референдумды 2017 жылдың соңына дейін өткізу жоспарланған. Бірақ Кэмеронның сөзінше, ЕО реформалау туралы келісімге қол қойылған жағдайда, ол биылғы жылы да өтуі мүмкін.

Британ премьерінің Еуропа одағын реформалау туралы ұсынысы экономиканы басқаруды, бәсекелестік ережелерін, мемлекеттердің егемендігін қамтамасыз етуді және көші-қон мәселелерін шешуді қамтиды.

Мәселен Кэмерон, еуроаймаққа кірмейтін елдердің экономикалық мүддесі шектелмеуі үшін евро Еуроодақтың жалғыз валютасы болмауы тиіс деп санайды. Ұлыбритания премьер-министрі еуропалық экономиканы "тым асыра реттеуді" жұмсартуға және ортақ нарық аясын кеңейтуді шектеуге шақырады.

XS
SM
MD
LG