Ссылки доступа

Кельнде полиция мен PEGIDA белсенділері қақтығысты


Босқындардың жаңажылдық шабуылдарына жауап ретінде шара өткізген мигранттарға қарсы PEGIDA қозғалысының белсенділері полициямен қақтығысты.

Сенбі күні Германия канцлері Ангела Меркельдің партиясы ХДО/ХСО босқындарды паналату туралы заң талаптарын қатаңдатуды ұсынды. Мәселен үкіметке бірнеше рет жеңіл қылмыс жасаған босқындарды елден қууға рұқсат беру қарастырылған. Меркель бұл бастаманы билік басындағы коалиция мүшелерімен талқылаған соң, парламент қарауына жіберетінін мәлімдеді. Заң жобасы қабылданған жағдайда, билік орындары бірнеше мәрте заң бұзғандарды елден шығара алады.

Кельндегі шабуылдарға қатысты деген күікпен ұсталған 30 адамның 18-і босқын боп шықты. Қалалық полиция бастығы жұма күні жағдайды бақылауында ұстай алмағаны үшін орнынан алынды.

Кельн полициясына басрлығы 100-ден астам арыз түскен: көпшілігі тоналғандарын және жыныстық қатынасқа мәжбүрлеуден құқай көргенін айтқан. Мұндай шабуылдар Гамбургте, Штутгартта және Франкфуртте тіркелді.

2015 жылы Германияға миллион 100 мыңға жуық босқын келген, ел үкіметінің болжауынша, 2016 жылы тағы миллион адам неміс жеріне келуді көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG