Ссылки доступа

АҚШ бомбалаушы ұшағы Оңтүстік Кореяның үстінен ұшып өтті


Құрама Штаттардың B-52 стратегиялық бомбалаушы ұшағы КХДР-дың жақында сутегі бомбасын сәтті сынақтан өткізгені туралы жаңалығынан кейін, Оңтүстік Корея аумағының бір бөлігімен ұшып өтті.

КХДР Орталық ақпарат агенттігі жексенбі күні Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның соңғы ядролық сынақ қорғаныс саласындағы және аймақты «Құрама Штаттар бастаған империалистердің ядролық соғысынан» қорғауға байланысты кезекті қадам болғаны туралы мәлімдемесін таратты. Америка президенті Барак Обама бұған дейін Пхенъянның сутегі бомбасын сынағаны туралы ақпаратқа орай, АҚШ-тың Оңтүстік Корея мен Жапонияның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын қуаттады. Обама КХДР-ға қарсы жауаптың қатаң болатындығын ескертті.

XS
SM
MD
LG