Ссылки доступа

Ресей 16 құрлықаралық зымыран ұшыруды жоспарлауда


Ресейдің қорғаныс министрлігі 2016 жылға стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерінің жүзден астам оқу-жаттығуын өткізуді және құрлықаралық баллистикалық зымырандарды сынама түрінде 16 мәрте ұшыруды көздеп отырғанын хабарлады.

Мақсат – жаңа технологияларды сынау және зымыран кешендерінің техникалық дайындығын тексеру. Стратегиялық мақсаттағы зымыран әскері үшін құрлықаралық зымырандарды 16 мәрте ұшыру рекордтық көрсеткіш боп табылады. Дегенмен соңғы бес жылда Ресей жариялаған зымыран ұшыру шарасын бірде-бір рет толық көлемде өткізген емес. 2015 жылы жоспарланған 14 зымыранның орнына 8, оның алдыңғы жылы жарияланған 16 зымыранның 10-ын ғана ұшырды.

Қорғаныс министрлігі сонымен бірге, Әуе-ғарыш күштеріндегі С-400 "Триумф" зенитті-зымыранды кешенінің санын екі есеге көбейтуді көздеп отырғанын мәлімдеді. Бұл жағдайда 2016 жылдың соңына қарай, Ресейде 8 бірдей С-400 құрылғысы әуе күзетіне қоыйлады. Оның бесеуі Подмосковьеде орналаспақ.

XS
SM
MD
LG