Ссылки доступа

Тәжікстанда әлеуметтік желілер тағы шектелді


«Facebook», «Одноклассники» және «ВКонтакте» әлеуметтік желілері мен YouTube бейнехостингіне қойылған шектеулердің алып тасталғанына бір апта өтпей жатып, бұл сайттар елде тағы да істемей қалды.

Тәжікстан билігі шектеулерге қатысы жоқтығын айтады. Бұл жағдай техникалық ақаулар мен профилактикалық жұмыстардан туындауы мүмкін деген уәж келтіруде. Тәжікстанның бірқатар ауданында электр қуатының мүлдем жоғалуының немесе жартылай берілуінің себебін де билік басындағылар осындай «оқыс апаттармен» түсіндіреді.

2015 жылы Тәжікстандағы интернет қолданушылар алдыңғы жылдардағыдай әлеуметтік желілер мен жаңалықтар ресурстарына кіруден үлкен қиындықтар көрді.

Өткен аптада интернетте Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қағбаға барғандағы суреттері мен видеосы жарияланды. Бұл уақытта Тәжікстанда әлеуметтік желілерге қойылған барлық шектеу алынып тасталды, алайда біраз уақыттан соң, елде қайтадан интернеттегі әлеуметтік желілерге кіру қиындап кетті.

Ал Тәжікстан үкіметіндегі байланыс Қызметі шектеулерден еш хабарсыз екенін айтып, мұндай жағдайға жауапкершілікті интернет қызметін ұсынатын компанияларға аударп отыр.

XS
SM
MD
LG