Ссылки доступа

Өзбекстан түрмелерінде діни көзқарасы үшін сотталған 13 мыңға жуық адам отыр


Бұл туралы Өзбекстанның тәуелсіз құқық қорғаушыларының бастамашыл тобының 2015 жылғы адам құқықтарына қатысты қысқа есебінде көрсетілген.

Ұйым жетекшісі Сурат Икрамовтың сөзінше, бұл топқа 2002 жылдан бері сотталған діни сенімдегі жандар жатады. Бастамашыл топтың мәліметіне қарағанда, Өзбекстан түрмелерінде әлі күнге осындай санаттағы жандарды азаптау жалғасуда. Жаза мерзімі біткендерді түрме билігі «колонияның ішкі тәртібін бұзғаны үшін» деген айыптармен одан әрі қамауда ұстайды. «Іс жүзінде, діни наным-сенімі үшін сотталғандар жыл сайын республика Конституциясының күніне орай парламент жариялайтын рақымшылыққа ілінбейді», - дейді құқық қорғаушы.

Өзбекстан түрмелеріндегі діни сенімдегі адамдардың басым бөлігі радикалды діни топтарға мүше болды деген айыппен сотталған. Олардың арасында «Хизб-ут-Тахрир» және«Нурджилар» секілді ұйымдармен байланыста болғаны үшін жазасын өтеп жатқандар кездеседі.

Былтыр Өзбекстанда жүздеген адам «Ислам мемлекеті» террорлық тобына қатысы бар деген айыппен бас бостандығынан айырылған.

Бақылаушылардың пікірінше, Өзбекстандағы жаппай жұмыссыздық пен қуғын-сүргін азаматтарды елден қашуға және Сирия мен Иракта соғысып жатқан «Ислам мемлекеті» террорлық тобына қосылуға итермелейді.

XS
SM
MD
LG