Ссылки доступа

БҰҰ Сирия қаласы Мадайядағы ашаршылыққа ұшырағандарға азық-түлік жібереді


Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, дүйсенбі күні азық-түлік пен дәрі-дәрмек тиелген жүк 40 мың тұрғыны бар, аштықтан әлсіреген Мадайя қаласына жіберіледі.

БҰҰ-ның босқындар жөніндегі басқармасының баспасөз-хатшысы Мелисса Флеминг гуманитарлық көмек Мадайяға 11 қаңтарда жіберілетінін айтты. Жүк негізінен жексенбі күні жіберілу керек екен, бірақ соңғы минөттерде аялдап қалған.

Сирия оппозициясы бақылайтын Мадайя қаласы Сирия мен Ливанның шекарасында орналасқан. Үкімет әскері мен ливандық «Хезболла» ұйымы аймақты 2015 жылдың шілде айынан бері қоршауға алған.

«Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық ұйымы қаладағы жағдайға жантүршігерлік деп баға береді. Қала тұрғындары аш, азық-түлік жеткізіліп жатқан жоқ, адамдар не бар сонымен тамақтануда — көше жануарлары, шөптермен, өсімдіктермен.

250 адам дұрыс тамақ ішпегендіктен әбден әлсіреген, 10 адам шұғыл түрде медициналық көмекке мұқтаж.

БАҚ Мадайя қаласында адамдардың аштықтан өліп жатқаны туралы хабар таратқан соң, халықаралық ұйым өкілдері аталған аймаққа аттанған.

XS
SM
MD
LG