Ссылки доступа

Тәжікстанда өз елдеріне деген көзқарасқа ашулы


Тәжікстанда президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры (СЗО) Худойберды Холикназар Иран Тегеранға халықаралық ислам бірлігі жөніндегі конференцияға Тәжікстанда тыйым салынған Исламның өркендеуі партиясының лидерін шақырып, Душанбеге құрметсіздік танытты деп мәлімдеді.

«Кімде-кім Тәжікстанға дұшпандық пиғыл танытса, бұл істері үшін өкінеді»- деді Холикназар 11 қаңтарда өткізген баспасөз мәслихаты кезінде. Оның сөзінше, Иранның Тәжікстанға құрметсіздік көрсетуі екі елдің қарым-қатынасына кері әсер етуі мүмкін.

Иран Тегеранда 2015 жылдың 27-29 желтоқсанында өткен ислам бірлігі жөніндегі конференцияға Тәжікстанның үш ресми тұлғасы мен Тәжікстанда тыйым салынған Исламның өркендеуі партиясының лидері Мухиддин Кабириді шақырған.

Тәжікстандағы СЗО директоры Иран Орталық Азияда тек Тәжікстанмен ғана ортақ тарихы, мәдениеті бар, екі елдің халқы бір тілде сөйлейді деді.

XS
SM
MD
LG