Ссылки доступа

Қырғызстанда Ресей телеканалдарына ерекше мәртебе беруді көздейді


Қырғызстанда Ресейдің «Бірінші канал. Бүкіләлемдік желі» және ВГТРК (РТР) каналдарына ерекше мәртебе берер кезде қоғамдық пікір есепке алынады.

Осылай деп Азаттыққа үкіметтің ақпаратты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Назира Ахмедова хабарлады.

«Бұл екіжақты келісім, сол себептен бұл құжат қоғамдық талқылауға жатпайды. Үкімет құжат жобасын қарап болған соң, мақұлдау немесе кері қайтару жөнінде шешім шығарады. Аталған жоба Ресей тарапынан ұсынылды. Қырғыз тарабы әлі қарамады. Егер Қырғызстан қоғамы аталған жобаға қарсы шықса, үкімет әрине, шешім қабылдар кезде, қоғамның пікірін ескереді», - деді Ахмедова.

Құжат жобасы 2016 жылдың 6 қаңтарында Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және туризм министрлігі тарапынан қоғамдық талқылауға салынды. Осыдан кейін Қырғызстан қоғамы бірден бұл келісімге қарсы шықты.

Егер аталған жоба келісілген жағдайда Қырғызстан мен Ресей «Бірінші канал» және РТР телеканалдарына Қырғыз елінде ерекше мәртебе береді. Оған Қырғызстанның шетелдік БАҚ жөніндегі заңы жүрмейді, сонымен бірге орыс тілін және орыс контентін пайдалануда шектеу қойылмайды.

XS
SM
MD
LG