Ссылки доступа

Ресейдегі тәжік қариясының трагедиясы


Сейсенбі күні Тәжікстанға Ресейдің Калуж облысының фермасының бірінде азапталған 81 жастағы тәжік мигранты Ватан Гафуровтың денесі жөнелтілді.

Екі жергілікті тұрғын қарияға 2015 жылдың 25 желтоқсанында шабуыл жасаған. Ол 7 қаңтар күні есін жимастан көз жұмды.

Гафуровты білетіндер оның балаларының бәрі Ресейде тұратындықтан амалсыздан елінен кетуге тура келген дейді. Өйткені елінде оған қарайтын ешкім қалмаған.

«Бобои Ватан» Калуж облысындағы ауылда мал шаруашылығы фермасында жұмыс істеген. Ол өзі сонда тұрған. Шабуыл жасаудың себебі әлі белгісіз. Екі күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалған.

Статистикалық мәлімет бойынша, Ресейде 1 миллиондай Тәжікстан азаматы тұрады. Олардың көбі Ресейге жұмыс істеу үшін барған.

Жыл сайын Ресейде мыңдаған тәжік азаматы әртүрлі жағдайда көз жұмады.

XS
SM
MD
LG