Ссылки доступа

Германиядан қуылған мигранттар саны өсуде


Австрия билігі Германия қуған мигранттар санының артқанын хабарлауда.

Германия билігі Ауғанстан секілді елдерден келген бірқатар мигранттар Германияны паналай алмайды деп шешкен. Жаңа жыл мерекесінде неміс әйелдеріне жасалған шабуылға мигранттардың қатысы бар деген пікір Германия канцлері Ангела Меркель жариялаған мигранттарға арналған ашық есік саясатына салқынын тигізген.

Австрия билігі 2015 жылдың желтоқсанында бір күнде 60 мигрантты елден аластаған Германияда жаңа жылдан бастап, күніне 200 адам елден шығарылады деп мәлімдеуде. Германияның шекаралық бақылауын күшейтуіне Швеция мен Данияның осындай қадамға барғандары әсер етуі мүмкін. Австрия үкіметі елден қуылғандардың дені Скандинавия елдерінен баспана сұрамақ болған ауғандықтар екенін айтады. Одан бөлек, неміс үкіметі Ирак, Иран, Марокко және Алжир азаматтарын қабылдаудан да бас тартқан.

Мигранттардың басым бөлігі баруды қалайтын Швеция өткен аптада Даниямен шекарасына бақылау орнатты. Өз кезегінде Дания Германиядан келетіндерді тексеруді бастады. Австрия Словениямен шекарасын бақылауды күшейтті. Полицияның дерегі бойынша, жыл басынан бері 1 650 мигрантқа Австрия аумағына келуге тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG