Ссылки доступа

Путин Асадқа саяси баспана беруге дайын


Немістің Bild таблоидына берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин елінен кетуге мәжбүр болған жағдайда Асадты еліне шақыруға дайын екенін айтты.

Құпия құжаттарды жариялаумен танылған америкалық арнайы қызметтің бұрынғы қызметшісі Эдвард Сноуденді 2013 жылы қанатының астына алғанын еске сала келіп Путин: «Біз Сноуденге баспана бердік, бұл Асадқа баспана беруден әлдеқайда қиын еді», – деді. Путин сириялық дағдарыстағы тараптардың басым бөлігі мақұлдаған бітімге келу жоспары жүзеге аспай тұрып, Ресейдің Башар Асадқа саяси баспана беру мәселесін талқылау ерте екенін айтты.

«Алдымен Сирия халқының сөзіне құлақ түру керек. Егер бұл шара нағыз демократиялық түрде өтетін болса, Асадқа елден кетудің қажеті де болмай қалады деп ойлаймын. Онда оның президент болып қалары, не қалмасы да маңызды болмайды.», – деді Владимир Путин.

XS
SM
MD
LG