Ссылки доступа

Доллардың соңынан ұн мен май қымбаттады


Сомонидың АҚШ долларына қатысты бағамы төмендеген соң Тәжікстан астанасындағы базарларда негізгі азық-түлік түрлері қымбаттады.

Қаңтардың 11-нен бастап, Душанбе дүкендерінде баға шарықтап кеткен. Тұрғындар ең басты үш азықтың бағасы 30 – 40 пайызға қымбаттағанын айтуда. 50 келілік бір қап ұн 165-тен 200 сомониға, қанттың келісі 5,5-ен 7 сомони, ал 45 сомони тұрған өсімдік майының бір литрі 50 - 55 сомониға өскен. Кейбір тұрғындар доллардың одан әрі өсуінен қауіптеніп, азық-түлік қорын сатып алуға кіріскен.

Бір жыл ішінде ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты бағамы 40 пайызға құнсызданған. Қазір кәсіпкерлер жаңа тауар әкелуді сиретіп, қолдағы өнімді қымбат бағаға сатуға тырысуда. Тәжікстан халқының 30 пайыздан астамы кедейлік шегінде өмір сүреді. Көп отбасында бір ғана адам жұмыс істейді. 2015 жылы зейнетақысы мен жалақысы өспеген зейнеткерлер мен бюджет қызметкерлерінің жағдайы жұмыссыздардың күнінен артық емес.

XS
SM
MD
LG