Ссылки доступа

АҚШ Украинаға электр станциясына жасалған шабуылды зерттеуге көмектеседі


АҚШ Украинаға өткен жылдың желтоқсанында елдің электр жүйесіне жасалған шабуылды зерттеуге көмектеседі.

Оқиға 23 желтоқсанда орын алған. Нәтижесінде «Прикарпатьеоблэнерго» қызмет көрсететін елдің батысындағы 80 мың адам жарықсыз қалды. Кейбір сарапшылар мұны хакерлік шабуылдың нәтижесінде болған тарихтағы бірінші оқиға деп баға берді.

Украинаның қауіпсіздік кеңесі Ресейді бұл іске қатысы бар деп айыптайды. ISight Partners америкалық агенттігі ресейлік «Sandworm» хакерлік тобының қатысы бар деп болжам айтты. Егер Ресейдің қатысы дәлелденсе, онда АҚШ президенті Барак Обама 2014 жылы Sony Pictures Entertainment корпорациясын солтүстіккореялық хакерлердің бұзғанын жариялы түрде мәлімдегені секілді, бұл оқиғаны да қалың халыққа жеткізеді.

XS
SM
MD
LG