Ссылки доступа

Минскіде Украина жөніндегі байланыс жасаушылар тобының кездесуі өтеді


Бүгін Минскіде байланыс жасаушылар тобы бірінші рет 2016 жылы кездеседі.

Бұл жөнінде Интерфакс ұйымдастыру тобындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Оның сөздерінше, күн тәртібінде саяси реттеудің басты аспектілерін талқылайды.

«Донецк және Луганск облыстарына ерекше мәртебе беріп, орталықсыздандыру туралы қаралады, Донбаста жергілікті сайлау өткізу мәселесі талқыланады», — деген ақпарат көзі.

Кеше Киевте Украинаның бұрынғы президенті және Донбастағы жағдайды реттеуге қатысты үшжақты байланыс жасаушылар тобының Украина тарапынан өкілі Леонид Кучма Борис Грызлов басқаратын ресейлік топпен кездесіп, бүгінгі келіссөзді талқылаған.

XS
SM
MD
LG