Ссылки доступа

ICG Душанбені өзгеше ойлайтындарға қысым жасауды тоқтатуын сұрады


«Халықаралық дағдарыс тобы» (ICG) Душанбені елдегі өзгеше ойлайтындарға қысым жасауды тоқтатуын сұрады.

Тәжікстан билігіне айтылған ұсыныстар ICG-дің баяндамасында «Тәжікстанға ескерту: ішкі қысым мен сыртқы қатер» деген атаумен көрсетілген. Онда Тәжікстан Орталық Азиядағы кедей мемлекет екенін, ішкі және сыртқы қысымға тап келуі мүмкіндігін ескертеді.

Баяндаманың авторлары Эмомали Рахмон билік еткен 23 жылдың ішінде биліктің зомбылығы күшейіп, жауапкершілігі жоғалған, коррупция мен жаппай миграция етек алған деп жазады.

«Кірістің негізгі бөлігі ақша аудару мен есірткінің заңсыз айналымы», - делінген баяндамада.

ICG Тәжікстандағы Исламның өркендеуі партиясына енгізілген тыйым әрі оны террористік ұйым деп жариялауы биліктің еліндегі плюрализмді сыйламауы деп есептейді.

XS
SM
MD
LG