Ссылки доступа

Мәжіліс Назарбаевтан өзін мерзімінен бұрын таратып жіберуді «өтінді»


Қазақстан парламенті Мәжілісінің депутаттары бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтан парламентті таратып, мерзімінен  тыс парламент сайлауын өткізуді «өтінді»

Астанадағы брифингте билікке жақын халықтық Коммунистік партия атынан сайланған депутат Владислав Косарев: «Біз бесінші шақырылым депутаттарының өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтап, жаңа парламент сайлауын өткізуге шақырамыз» деген мәлімдемені оқып берді. Косаревтің айтуынша, үндеуді үш саяси партияның фракциясы («Нұр Отан», «Ақ жол» және ҚХКП) жазған. Депутат Мәжілістің қазіргі құрамы президент ұсынған реформалар бойынша заңдарды қабылдау арқылы «тарихи міндетін атқарғанын» айтты.

Мәжіліс депутаттарын сайлау соңғы рет 2012 жылдың қаңтарында өткен еді. Ол кезде Мәжіліске президенттік «Нұр Отан» мен билікпен ымырашыл «Ақ жол» және ҚХКП партияларының үміткерлері өткен болатын. Қазақстан заңдарына сәйкес, парламент Мәжілісінің 107 депутатының 98-і саяси партиялардан сайланады, тоғыз депутатты Қазақстан халқының Ассамблеясы (бес жылға) сайлайды.

XS
SM
MD
LG