Ссылки доступа

АҚШ президенті: Украина мен Сирия Ресейдің ықпалынан шығып барады


АҚШ президенті Барак Обама жыл сайынғы елдің жағдайы туралы баяндамасында екі мәрте Украинаға тоқталды.

Америка басшысы Украина мен Сирия Ресейдің уысынан сусып барады деп санайды

.«Экономикасының нашарлағанына қарамастан, Ресей өзінің ықпалынан арыла бастаған Украина мен Сирияны ұстап қалуға барын салуда», – деді Обама.

Украина туралы АҚШ президенті ұлттық қауіпсіздіктің бөлігі ретінде, елдің сыртқы көмегі туралы сөз қозғағанда айтып өтті.

«Украинаға демократияны қорғауға, Колумбияға он жылға созылған соғысты тоқтатуға көмектесу, біз үшін аса маңызды халықаралық тәртіпті нығайтуға қажет, – деді Обама.

Құрама Штаттар конгрессі Украинаға 300 миллион доллар көмек беруді көздейтін қорғаныс бюджетінің жобасын бекітті, АҚШ президенті бұл шешімге қол қойды.

Барак Обама «Елдегі жағдай туралы» жолдауын соңғы рет жасады. Күзде АҚШ-та президент сайлауы өтеді, екінші мәрте сайланған Обама енді президент бола алмайды.

XS
SM
MD
LG