Ссылки доступа

Өзбекстанда доллар бағамы күрт өсті.


Жаңа жылдың алғашқы аптасында Өзбекстандағы «қара базарларда» доллар бағамы 5 300 сумнан бірден 6 100 сумға секірді

Қаңтардың 12-де шетелдік валютаның өзбектің сумына қатысты нақты құнын көрсететін Өзбекстанның «қара базарларында» 1 АҚШ долларының құны 6 300 сумға жеткен. Өзбек астанасындағы «Чорсу» базарындағы валюта саудагері қазір бір долларды 6 100 сумнан сатып алып, 6 200 сумнан сатып жатқандарын айтты. Бақылаушылардың болжауынша, келесі айда Өзбекстандағы «қара базарларда» америкалық доллардың сумға қатысты бағамы тағы көтеріледі.

Мұнай бағасының әлемдік нарықтағы бағасының құлдырауы өзбек сумының құнсыздануына әкелуі мүмкін.Қаңтардың 12-де Brent маркалы мұнайдың баррелі 2,5 пайызға арзандады. Кеше Brent мұнайының 1 баррелі 32 доллардан саудаланды. Бұл ресейлік валютаның тағы әлсіреуіне әкелді. Қазір Ресейде 1 АҚШ доллары 77 рубльден асып кетті.

Соңғы жылдары Ресейдегі еңбек мигранттары жолдайтын ақша аударымдары өзбек сумын толық құлдыраудан сақтап отырған негізгі себеп ретінде аталатын. Ресми дерек бойынша, 2014 жылы бір ғана Ресейдегі өзбек мигранттары отанына кем дегенде 2 миллиард АҚШ долларын жіберген.

XS
SM
MD
LG