Ссылки доступа

Тәжікстанда туыстардың некелесуіне тыйым салынады


Тәжікстан парламенті қаңтардың 13-де Отбасы кодексіне осындай өзгерістер енгізуді мақұлдады.

Ол бойынша, туыстар арасындағы некеге тыйым салу және отбасын құру алдында міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өту қарастырылған.

Заң жобасымен таныстырған Тәжікстанның денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрі Нусратулло Салимзода толықтырулар биылғы жылдың шілдесінен бастап күшіне енетінін мәлімдеді.

Министрдің есебінше, елде тіркелген 18 жасқа дейінгі 25 мың 328 мүгедек баланың 30-35 пайызы туыстық некеден туғандар.

XS
SM
MD
LG