Ссылки доступа

Иран ұсталған америкалық теңізшілерді босатты


Иран мемлекеттік телеарнасы Иранның ислам революциясының сақшылары Корпусы кеше парсы шығанағындағы Фарси аралының маңында тұтқындаған америкалық әскери теңізшілерді босатқанын хабарлады.

Сақшылар Корпусының өкілі телевизиялық эфирден: «Кешірім сұраған соң, оларды шығанақтың халықаралық су айдыны бөлігіне жібердік », – деп мәлімдеді. Оның сөзінше, тоғыз ер және бір әйел адамнан тұратын теңізшілердің Иран акваториясына байқамай кіргендері анықталған.

Бұған дейін ислам революциясының сақшылары Корпусының теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Али Фадави америкалық теңізшілердің навигациялық жүйесінің істен шығуынан Иранның теңіз аумағына өтіп кеткені туралы мәлімдеген болатын.

АҚШ билігінің өкілдері теңізшілер мен олар мінген екі катер қаңтардың 12-де оқу-жаттығу кезінде бір катердің істен шығуы салдарынан ұсталғанын хабарлап отыр.

XS
SM
MD
LG