Ссылки доступа

Рахмонды өмірбақи президент етуге талпыныс


Тәжікстан парламенті талқылап жатқан ел Конституциясына енгізілетін түзетулер бойынша, президенттіке үміткерге жасы бойынша қойылатын шектеуді 5 жылға кемітіп, қазіргі 35-тен 30 жасқа түсіру көзделген.

Бұл түзетулер қабылданса, республиканың президенті Эмомали Рахмонның үлкен ұлы Рустам Эмомали 2020 жылғы президент сайлауына өзін ұсынуға мүмкіндік алады.

2020 жылы 33 жасқа келетін Рустам Эмомали қазіргі конституциялық талап бойынша үміткерлікке өзін ұсына алмайды. Ел Конституциясында сонымен қатар, екі мәрте жеті жылдық мерзімге республика президенті боп сайлану құқығы бекітілген.

Тәжікстанды 1992 жылдан бері басқарып келе жатқан Эмомали Рахмон Конституцияның қазіргі ережелеріне сәйкес, 2020 жылғы сайлауға қатыса алмайды, алайда ұсынылған жаңа түзетулер қабылданса, ол өз кандидатурасын шексіз ұсынатын мүмкіндікке ие болады.

XS
SM
MD
LG