Ссылки доступа

Стамбулдағы жарылыстан Өзбекстан азаматтары зардап шекпеген


Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өзбекстан СІМ ресми сайтында: «Түрік Республикасындағы Өзбестан Республикасы елшілігінің дерегі бойынша, Стамбул қаласында 2016 жылы қаңтардың 12-де болған террорлық шабуылдан Өзбекстан азаматтары зардап шекпеді», - деп хабарланған.

Қаңтардың 12-де Стамбулдың тарихи бөлігі Сұлтан Ахметте жарылыс болып, кем дегенде 10 адам өліп, 15 шақтысы жараланған.

Бұған дейін Стамбулдағы жарылыстан қаза тапқан 10 адамның тоғызы Германия азаматтары екендігі туралы хабарланды. Оқиғаға байланысты Анкара неміс канцлері Ангела Меркельге көңіл айтты.

Түркия үкіметінің басшысы Ахмет Давутоглу жарылыс жасаған жанкештінің «Ислам мемлекеті» радикалды тобының мүшесі болғанын хабарлады. Түрік қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, Түркия аумағына жақында келген ол бұрын-соңды арнайы қызметтің күдіктілер тізімінде болмаған.

XS
SM
MD
LG