Ссылки доступа

Индонезия астанасында болған жарылыста бірнеше адам қаза тапты


Шабуыл үкімет мекемесі мен дипломатиялық өкілдіктің маңында болған.

Джакартада болған бірнеше шабуылдардан төрт адам қаза тапты, оның ішінде бір полиция өкілі бар. Қалада қылмысты жасаған және ұйымдастырған адамдарды ұстау операциясы жүріп жатыр. Мерт болғандардың біреуі жанкешті болғандығы айтылады. Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алмады. Бұл жөнінде халықаралық ақпарат агенттіктері хабарлайды. Индонезия президенті Джоко Видодо оқиғаны «теракті» деп атады.

Алдын-ала ақпарат бойынша, шабуыл кезінде полицияларға қарсы граната пайдаланылған. Джакартадан таралып жатқан телевизиялық репортаждарда полиция экстремистер болуы мүмкін делінген ғимаратты қоршап алғаны айтылып жатыр. Онда атыстың дауыстары естіледі. Осы ғимаратта Starbucks кафесі орналасқан. Ол жерде бір жарылыс болған.

Соңғы ақпарат бойынша, шабуыл жасағандардың төртеуі де оққа ұшқан.

Индонезияда бұған дейін исламшыл содырлар бірнеше рет шабуыл жасап, соңғы айларда терроризммен күресетін полиция «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымымен байланысы бар деген күдіктілерді қудалай бастаған.

XS
SM
MD
LG