Ссылки доступа

Хакерлер тобы Ресейден Сириядағы әскерлерін алып кетуін талап етті


​Тәжікстанның ғылым және білім министрлігінің сайтын бұзған хакерлер Ресейден Сириядағы әскерлерін алып кетуге шақырған.

Министрліктің сайтында елінде тыйым салынған «Джундулло» ұйымының суреттері мен бейнебаяндары қойылған. Сонымен бірге Fallaga Team тунистік тобының атынан ресей азаматтарынан Ресей үкіметінен Сириядағы әскерлерін алып кетуді көндіруге шақырған.

Тәжікстан білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Эхсон Хушвактов мекеменің сайтына хакерлік шабуыл жасалғанын растады.

«Джундулло» ұйымы «Өзбекстанның ислам қозғалысы» экстремистік тобының насихатшысы ретінде белгілі.

XS
SM
MD
LG