Оған ресейлік екі журналисті өлтірді және Ресей шекарасын заңсыз кесті деген айыптар тағылып отыр. Журналистер сот залына қиындықпен кірген. Онда да суретке түсіруге рұқсат бермеген. Мұны журналистер айыпталушының аштық жариялағанымен байланыстырады. Надежда Савченко 15 кг жоғалтқан, бірақ көңіл-күйі жақсы деп атап өтеді Радио Свобода тілшісі.
Тілшінің сөзінше, сот қорғаушылар тарапынан ұсынылған құжаттардың бәріне қарсылық білдірген.
Ресей тергеушілері болса, Надежда Савченко ресейлік екі журналисті өлтірді деп айыптап отыр. Сотталушы болса, өзіне тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарады. Оның сөзінше, сепаратистер өзін ұстап алып кеткен.