Ссылки доступа

Қырғызстанда бензин арзандап жатыр


2016 жылдың 14 қаңтарынан бастап Қырғызстанда бензин бағасы литріне 0,5–2 сомға арзандады.

Бұл жөнінде Қырғызстанның мұнайтрейдері қауымдастығы хабарлады.

Олардың мәліметінше, елдің солтүстігінде бензиннің АИ-95 маркасы 1 сомға, АИ-80 маркасы - 0,5 сомға, АИ-92 - 2 сомға арзандаған.

Қырғызстандағы жанар-жағар майдың арзандауы маусымдық фактор делінеді. Ресей нарығында мұнай өндіру зауытындағы жөндеу жұмыстары аяқталған соң, мұнай өнімдері көбейіп, сұраныс азайған.

Бұл осымен республикада соңғы бірнеше айдағы бесінші рет бензин бағасының түсуі.

XS
SM
MD
LG